Ел ертеңі – әр азаматтың саналы таңдауында
Құрылтай депутаттарын сайлау – елдің ертеңіне бейжай қарамайтын әрбір азамат үшін аса маңызды қоғамдық-саяси науқан. Бұл – тек сайлау күні дауыс беру ғана емес, туған жердің өсіп-өркендеуіне, өңірдің дамуына және мемлекетіміздің жарқын болашағына бағытталған ортақ жауапкершіліктің айқын көрінісі.Әрбір берілген дауыс – халықтың сенімі мен үмітінің, ел тағдырына деген жанашыр көзқарасының белгісі. Себебі бүгін қабылданған шешім ертеңгі күннің бағытын айқындайды. Сондықтан әр азаматтың белсенділігі мен азаматтық ұстанымы қоғамның тұрақты дамуына, әділетті әрі қуатты мемлекет қалыптастыруға қызмет етеді.Бірлігі бекем, ынтымағы жарасқан ел ғана биік белестерді бағындырады. Ал саналы таңдау – кемел келешектің кепілі.
Ендеше, ел болашағына бейжай қарамай, сайлауға белсенді қатысып, өз таңдауыңызды жасаңыз. Өйткені ел ертеңі – әрқайсымыздың қолымызда.
Болашағымызды бірге таңдайық!













