Сайлау учаскелерінің дайындығы – басты назарда
Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов аудан орталығынан шалғай орналасқан Бозкөл, Кәукей, Тасарық және Лақалы ауылдарына арнайы барып, №75, №80, №77 және №76 сайлау учаскелерінің Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындығын пысықтады.Аудан әкімі сайлау учаскелеріндегі ахуалды зерделеп, дауыс беруге қажетті жағдайлардың жасалуына назар аударды. Сайлау комиссияларының төрағалары мен мүшелерімен кездесіп, сайлау процесінің белгіленген талаптарға сай өтуі, заңдылықтың сақталуы және әрбір азаматтың өз таңдауын еркін жасауына мүмкіндік берілуі жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Сонымен қатар сайлау күні учаскелердегі ұйымдастыру жұмыстарының жүйелі жүргізілуі, дауыс берушілерге қолайлы жағдай жасау және комиссия мүшелерінің жауапкершілігіне ерекше мән беру қажеттігін атап өтті.
Құрылтай депутаттарын сайлау – елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды үдеріс. Сондықтан әрбір сайлау учаскесінің сапалы әрі талапқа сай дайын болуы — ашықтық пен әділдіктің маңызды кепілі, - деді аудан әкімі













