Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда киберқауіпсіздік инциденттеріне ден қоюдың жаңа жоспары бекітілді

Қазақстанда киберқауіпсіздік инциденттеріне ден қоюдың жаңа жоспары бекітілді

Қазақстан Үкіметі 2026 жылғы 14 тамыздағы қаулысымен «Ақпараттық қауіпсіздік инциденттеріне ден қоюдың Ұлттық дағдарысқа қарсы жоспарын бекіту туралы» қаулыға өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ең бірінші, құжаттың атауы енді "Киберқауіпсіздік инциденттеріне ден қоюдың Ұлттық дағдарысқа қарсы жоспарын бекіту" деп аталады.
Ұлттық жоспар:
  • мемлекеттік құпияларға жататын қорғалған режимдегі цифрлық жүйелерге;
  • мемлекеттік құпияларды қамтитын цифрлық объектілерге;
  • арнайы мақсаттағы телекоммуникация желілеріне;
  • президенттік, үкіметтік және қорғалған байланыс желілеріне қолданылмайды.
Негізгі мақсаты қандай?
Жоспардың мақсаты – кибершабуылдар мен басқа да киберқауіпсіздік инциденттерінің алдын алу және олар болған жағдайда оларға тез әрі жүйелі түрде жауап беру.
Ол үшін Ұлттық киберқауіпсіздік үйлестіру орталығы (ҰКҮО/НКЦКБ) тұрақты түрде:
  • киберқауіпсіздік инциденттері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
  • "цифрлық үкіметтің" және аса маңызды цифрлық объектілердің жағдайы туралы ақпарат жинайды;
  • осы ақпаратты талдап, қорытындылайды.
Ал киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталықтары аса маңызды цифрлық объектілердің киберқауіпсіздігін тұрақты бақылайды.
Кімдер арнайы жоспар әзірлеуі керек?
Киберқауіпсіздік инциденттерінің 1-ден 4-ке дейінгі сын деңгейлері бойынша:
  • "цифрлық үкімет" объектілерінің иелері;
  • аса маңызды цифрлық объектілердің иелері;
  • киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталықтары
  • өздерінің инциденттерге ден қою жоспарларын әзірлеп, бекітуі тиіс.
Бұл жоспарларда міндетті түрде:
1. киберқауіптің алдын алу;
2. цифрлық инфрақұрылымның қауіпсіздік жағдайын бақылау және деректерді талдау;
3. киберқауіпсіздік орталықтарымен және ҰКҮО-мен өзара әрекеттесу;
4. жүйелердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;
5. анықталған инциденттер туралы мүдделі тараптарға хабарлау;
6. инцидентті жою және оның салдарын азайту тәртібі;
7. кибершабуылдың цифрлық іздерін сақтау (журналдар, есептер және басқа құжаттар);
8. инциденттің себептерін анықтау;
9. инциденттен кейін жасалатын әрекеттер;
10. мәселенің негізгі себебін жою;
11. жүйені қалпына келтіру рәсімдері көрсетілуі керек.
Жоспарды кімге жіберу керек?
"Цифрлық үкімет" пен аса маңызды цифрлық объектілердің иелері бекітілген жоспарларының көшірмесін киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органға және ҰКҮО-ға жіберуге тиіс.
Киберқауіпсіздік инциденттері бойынша олар ҰКҮО-мен тәулік бойы жұмыс істейтін 1400 call-орталығы, ҰКҮО платформасы, электрондық поштасы немесе cert.gov.kz ресми сайты арқылы байланыса алады.
Қажет болған жағдайда инцидентті жоюға арнайы киберқауіпсіздік инциденттеріне ден қою қызметтері және/немесе киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталықтары тартылады.
Инцидент жойылғаннан кейін объект иесі жүйені қалпына келтіру шараларын іске асыруға кіріседі.
Сонымен қатар әр ұйым киберқауіпсіздікке жауапты лауазымды тұлғаны белгілеуі керек. Оның байланыс деректері ҰКҮО-ға жіберіледі. Егер жауапты адам немесе оның байланыс ақпараты өзгерсе, бұл туралы 48 сағат ішінде хабарлау қажет.
Қаулы 2026 жылғы 29 тамыздан бастап күшіне енеді.
19 тамыз 2026 ж. 46 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31