Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дербес деректерді қорғау және киберқауіпсіздікке қатысты жаңа тетіктер енгізіледі

Дербес деректерді қорғау және киберқауіпсіздікке қатысты жаңа тетіктер енгізіледі

Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол жүрісі және көліктегі озық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды.

Қазақстанның киберқауіпсіздік көрсеткіші жақсарды
Фото: Pixabay
Заң жобасын таныстырған Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева қазіргі таңда қоғамда қауіпсіздік мәселелерінің өзектілігі артып отырғанын атап өтті.
Оның айтуынша, құжат жол қозғалысы, цифрлық инфрақұрылым, дербес деректерді қорғау және киберқауіпсіздік бағыттарындағы бірқатар жүйелі өзгерістерді көздейді.
- Заң жобасы қоғамдағы қауіпсіздік талаптарын күшейтуге, цифрлық ортадағы тәуекелдерді азайтуға және азаматтардың дербес деректерін қорғау деңгейін арттыруға бағытталған, – деді депутат Мәжіліс отырысында.
Сонымен қатар заң жобасында дербес деректерді қорғау және киберқауіпсіздікке қатысты жаңа тетіктер енгізіледі. Атап айтқанда, жеке деректер операторлары тәуекел деңгейіне қарай шағын, орта және ірі санаттарға бөлінеді.
Сондай-ақ азаматтарға олардың деректері ашық тарап кеткен жағдайларды тексеруге мүмкіндік беретін мемлекеттік тізілім енгізу көзделген.
- Дербес деректерді маскалау және хэштеу талаптары күшейтіліп, сот шешімдері мен мемлекеттік сатып алуға қатысты құжаттардағы жеке мәліметтерді қорғау тетіктері қарастырылуда. Сонымен қатар азаматтардың жеке деректерін жариялауға келісім беру тәртібі нақтыланады, - деді спикер.
Сонымен қатар депутат киберқауіпсіздік саласында цифрлық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау функцияларын қайта бөлу ұсынылған. Басқару құзыреті Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінде сақталса, бақылау функциялары Ұлттық қауіпсіздік комитетіне берілетінін атап өтті.
- Цифрлық инфрақұрылымның тұрақтылығы мен қауіпсіздігі – ұлттық қауіпсіздіктің ажырамас бөлігі. Сондықтан бақылау тетіктерін күшейту қажет, – деп толықтырды ол.
Бұған дейін Мәжіліс депутаты Нұрсұлтан Байтілесов нотариустарда дербес деректерді қорғау тетіктеріне қатысты түсінік берген еді.

28 мамыр 2026 ж. 48 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031