Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жеке деректерді қорғау мен киберқауіпсіздік күшейтіледі – Мәжіліс

Жеке деректерді қорғау мен киберқауіпсіздік күшейтіледі – Мәжіліс

Фото: istockphoto.com
Мәжілістің бүгін өткен жалпы отырысында қабылданған заң жеке деректерді қорғау саласындағы реттеуді айтарлықтай күшейтеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Деректерді анонимді ету, жою, бүркеу және хэштеу ұғымдары, сондай-ақ құрамында жеке деректері бар цифрлық объект санаты енгізіледі. Жеке деректерді жинаумен және өңдеумен айналысатын тұлғалардың тізілімін, сондай-ақ жеке деректер қауіпсіздігінің бұзылу тізілімін құру көзделеді.
Операторлар өңделетін деректердің көлемі мен тәуекел деңгейіне қарай шағын, орта және ірі болып бөлінеді. Көпшілікке қолжетімді дереккөздердегі жеке деректерді қорғауға ерекше назар аударылады. Егер заң оларды жариялауды талап етсе, мұндай деректер бүркелуге тиіс, ал оларға толық қолжетімділікті субъектінің тек  өзі сәйкестендіруден өткеннен кейін ғана ала алады.
Киберқауіпсіздік саласында аса маңызды цифрлық объектілерді бақылау күшейтіледі. Ұлттық қауіпсіздік комитетіне осы саладағы мемлекеттік бақылау бойынша өкілеттіктер, соның ішінде бұзушылықтар анықталған жағдайда нұсқау жасау құқығы беріледі.
Бұдан бөлек, еңбек заңнамасына қызметкерлер мен жұмыс берушілердің киберқауіпсіздік талаптарын сақтау жөніндегі міндеттері енгізіледі. Осылайша, кибергигиена еңбек тәртібінің және ұйымдардың ішкі бақылауының бір бөлігіне айналады.


28 мамыр 2026 ж. 54 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031