Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мерекеде ардагерлер марапатталды

Мерекеде ардагерлер марапатталды

Қазақстанда Спорт күні тамыз айының үшінші жексенбісінде аталып өтеді. Бұл атаулы күн елімізде дене шынықтыру мен спортты насихаттап, спорт саласында еңбек етіп жүрген азаматтардың еңбегін дәріптеуге мүмкіндік береді.
Осы мерекеге орай Ардагерлер үйінде спорт саласына өзіндік үлесін қосып, облыстық жарыстарда аудан намысын абыроймен қорғап жүрген ардагерлерге құрмет көрсетілді.Іс-шарада ардагерлер қауымын Аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Бекмамбетов Матығұл Спорт күні мерекесімен құттықтап, салауатты өмір салтын серік еткен ардагерлерге арнайы Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Бекпановтың «Алғыс хаты» табысталып, естелік сыйлықтар берілді.
Спорттық додаларда ауданның мерейін үстем етіп жүрген ардагерлер жастарға салауатты өмір салтын ұстанудың, мақсатқа ұмтылып, қайсарлық танытудың үлгісін көрсетіп келеді.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
18 тамыз 2026 ж. 174 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031