Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарттарға құрмет көрсетілді

Қарттарға құрмет көрсетілді

Сенбіде Қазалыда Халықаралық қарттар мерекесіне орай салтанатты шара өтті.
Салтанатты шараға тыл еңбеккерлері, еңбек ардагерлері мен Қазалы ауданының құрметті азаматтары және көп балалы аналар қатысты.
Мерекелік шарада аудан әкімі Мұхтар Оразбаев құттықтау сөз сөйлеп, игі тілегін жеткізді.
Өмірінің көп бөлігін қоғамның әр саласында қажырлы еңбек етуге арнаған ардагерлерге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов та жылы лебізін білдірді.
Мерекелік шара барысында "Өнеге көрсету үлкеннен, үлгі алу жастардан" атты жаңа кітаптың тұсауы кесіліп, оқырмандарға жол тартты.
Кітаптың авторы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Достанұлы Бекбанов.
Ізгі тілектерден кейін еңбегімен еленіп, ел болашағы үшін аянбай тер төккен бірқатар ардагерлерге «Қазақстан ардагерлер ұйымына 35 жыл» мерекелік медалімен марапатталып, «Amanat» партиясы Қазалы аудандық филиалы мен Қызылорда облыстық ардагерлер кеңесінің «Құрмет Грамотасы», республикалық ардагерлер ұйымы мен аудан әкімінің «Алғыс хаттары» табысталды.
Қариялардың мерейін үстем еткен көңілді кеште аудандық мәдениет орталығының өнерпаздары ән-күйден шашу шашып, арнайы сыйлықтар ұсынылды.

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат

02 қазан 2022 ж. 987 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 132

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 124

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031