Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей әуе рейстері ашылмақшы

Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей әуе рейстері ашылмақшы

Сурет: азаматтық авиация комитеті баспасөз қызметі
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі елімізден АҚШ-қа тікелей рейстерді іске қосуға жол ашатын келісімге қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Азаматтық авиация комитетінің мәліметіне сай, мемлекет басшысының Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ұйымдастыру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде азаматтық авиация комитеті және ҚР АҚШ-тағы елшілігімен бірлесе отырып әрі ҚР Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен АҚШ Федералды авиациялық әкімшілігімен ұшу қауіпсіздігі бойынша алдын ала халықаралық бағалауды (IASA) өткізу туралы келісімге қол қойды.

IASA алдын ала бағалау процесі ақпарат алмасуды, техникалық көмекті және әлеуетті арттыру шараларын қамтиды.
Алдын ала бағалау шеңберінде IASA Федералды авиациялық әкімшілігі авиакомпаниялары ұшуға өтініш берген, АҚШ-қа ұшатын немесе америкалық әуе компанияларының кодшер бойынша келісімшартына қатысатын елдердің азаматтық авиация органдарының ИКАО-ның ұшу қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық стандарттарын сақтауын бағалайды.
Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі
IASA-ны алдын ала бағалау бұдан әрі Федералды авиациялық әкімшілігінің 1-санаттағы мәртебесін алуға бағытталған және тиісті әуе кемелері болған кезде Қазақстан мен АҚШ арасындағы отандық әуе компанияларына тікелей әуе қатынасын іске қосуға мүмкіндік береді.

2024 жылдың ақпанында АҚШ-тың ҚР-дағы елшісі Дэниел Розенблюм өз еліне тікелей рейстерді іске қосу өте күрделі процесс екенін айтты. Оның айтуынша, бұл шамамен 2025 жылы болуы мүмкін.
04 сәуір 2024 ж. 235 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 137

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 130

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 118

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 116

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 122

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031