Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді Қазақстан халқы Әзербайжанға жиірек ұша алады

Енді Қазақстан халқы Әзербайжанға жиірек ұша алады

Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы әуе рейстерінің саны көбейіп жатыр. Бұл жөнінде zakon.kz сайтына Азаматтық авиация комитеті хабарлады.
Комитеттің мәліметінше, 2023 жылғы 22 маусымда Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Әзірбайжан Республикасының цифрлық даму және көлік министрлігі арасында әуе қатынасы туралы хаттамаға қол қойылды.
"Қол қойылған Хаттамаға сәйкес екі тараптың тағайындалған тасымалдаушылары әр тараптан аптасына 32-ден 42 рейске дейін елдер арасында тұрақты рейстерді орындау үшін құқықтық база кеңейтілді".
Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі
Құқықтық базаны кеңейту елдер арасында орындалатын рейстер санын ұлғайтуға мүмкіндік бермек.
Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы әуе тасымалдар нарығындағы бәсекелестікті арттырады, сондай-ақ елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі күшейтуге ықпал етеді.
24 маусым 2023 ж. 259 0

Елдік – ерге ұран

09 мамыр 2024 ж. 45

Жас сарбаздар сайысты

08 мамыр 2024 ж. 95

Соғыстың соңғы сарбазы

07 мамыр 2024 ж. 112

Сенімі нық сарбаздар

07 мамыр 2024 ж. 109

Ел үмітін ер ақтар

07 мамыр 2024 ж. 112

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031