Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кедергісіз орта – еркін таңдау кепілі

Кедергісіз орта – еркін таңдау кепілі

2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын өткізу барысында мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруіне қажетті жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында Қазалы ауданында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Осы бағыттағы жұмыстар Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 14 шілдедегі №33/62 қаулысында көзделген міндеттерді орындау аясында жүзеге асырылды. Атап айтқанда, Қазалы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы жанынан арнайы жұмысшы топ құрылып, оның құрамына аудандық сайлау комиссиясының, Қазалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерінің аудандық өкілдері енгізілді.
Жұмысшы топ 4-10 тамыз аралығында аудандағы барлық сайлау учаскелеріне мониторинг жүргізіп, мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруі үшін жасалған жағдайлардың қолжетімділігі мен талаптарға сәйкестігін зерделеді.
Мониторинг барысында, ең алдымен, сайлау учаскелерінде көру және есту қабілеті төмен азаматтарға қажетті жағдайлардың жасалуы, кресло-арба пайдаланушылардың учаскелерге кедергісіз кіріп-шығуы, ғимарат ішінде еркін қозғалуы және дауыс беру процесіне толыққанды қатысу мүмкіндіктері назарға алынды. Сонымен қатар азаматтардың сайлау құқықтары мен қажеттіліктерін қамтамасыз ету мәселелері бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Зерделеу кезінде кресло-арба пайдаланатын азаматтар үшін сайлау учаскелеріндегі инфрақұрылымның қолжетімділігіне практикалық тұрғыда баға берілді. Атап айтқанда, кіреберістердің, пандустардың, ақпараттық белгілердің және дауыс беру процесіне қажетті өзге де жағдайлардың талаптарға сәйкестігі тексерілді. Мамандар азаматтардың учаскеге кіруінен бастап, ғимарат ішінде қозғалуына және дауыс беруіне дейінгі мүмкіндіктерін іс жүзінде бағалады.
Сондай-ақ сайлау учаскелерінде мүгедектігі бар азаматтарға арналған арнайы бұрыштардың жабдықталуына да мән берілді. Зағип жандар үшін әзірленген аудиожазбалардың сапасы мен қолжетімділігі тексеріліп, тыңдау арқылы бағаланды.
Мониторинг барысында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау бағытында жұмыс істейтін қоғамдық ұйымдар өкілдерінің пікірлері, ұсыныстары мен ескертулері де назарға алынды. Анықталған кемшіліктер мен ескертулер бойынша тиісті шаралар қабылданып, оларды жою жөнінде жұмыстар жүргізілді.

Қазалы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы
14 тамыз 2026 ж. 66 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31