Астанада +10-ға дейін суытады, Алматыда +37-ге дейін ыстық болады
Болжамға сәйкес, алдағы күндері Астана мен Алматыдағы ауа райында айтарлықтай айырмашылық болады. Елордада күн суытып, 17 тамызға қарай түнде температура +10...+12 градусқа дейін төмендейді, ал Алматыда +37 градусқа дейінгі ыстық сақталады.
Астанадағы ауа райы
15 тамызда Астанада күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Түнде температура +17...+19 градус, күндіз +33...+35 градусқа дейін көтеріледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді.
16 тамызда күн құбылмалы, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде температура +16...+18, күндіз +23...+25 градус болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, түнде екпіні 15-18 метрге дейін жетеді.
17 тамызда жауын-шашын болмайды. Түнде температура +10...+12 градусқа дейін төмендейді, күндіз +20...+22 градус болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы секундына 7-12 метр, күндіз екпіні 15 метрге дейін жетеді.
Алматыдағы ауа райы
15 тамызда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Түнде +22...+24 градус, күндіз +35...+37 градус. Жел батыстан соғады, жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді.
16 және 17 тамызда жауын-шашын болмайды. Түнде температура +22...+24 градус, күндіз +34...+36 градус ыстық сақталады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді.
Қазақстанда жаңбыр жауып, күн суытады
Бұған дейін синоптиктер алдағы үш күнде Қазақстанда аптаптан кейін күн едәуір салқындайтынын хабарлаған болатын. Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде нөсерлетіп, екпінді жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Ауа райының толық болжамын мына жерден оқыңыз.









