Аптап күшейеді: Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады?
"Қазгидромет" синоптиктері Алматы мен Астанада 13, 14 және 15 тамызда ауа райы қандай болатынын болжады. Болжамға сәйкес, Алматыда аптап күшейіп, Астанада ауа температурасы +34 градусқа дейін көтеріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Астанада +34 градусқа дейін ыстық
13 тамызда елордада күн құбылмалы бұлтты болады, бірақ жауын-шашын күтілмейді. Түнде температура +11...+13 градус, күндіз ауа +29...+31 градусқа дейін жылынады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде секундына 3-8 метр, күндіз 9-14 метр болады.
14 тамызда жауын-шашын күтілмейді. Түнде +16...+18, күндіз +32...+34 градус болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы - секундына 9-14 метр.
15 тамызда күндізгі температура +32...+34 градус деңгейінде сақталады. Күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанған. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы - секундына 9-14 метр.
Алматыда аптап +37 градусқа жетеді
Алматыда күн райы бұдан да ыстық болады.
13 тамызда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Түнде температура +21...+23 градус, ал күндіз +34...+36 градус болады. Синоптиктер қатты аптап болатынын болжайды.
14 және 15 тамызда жауын-шашын күтілмейді. Түнде температура +23...+25 градус, күндіз +35...+37 градус болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы - секундына 3-8 метр.
Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда алдағы күндері ауа райы циклон мен антициклонның әсерінен өзгеретінін хабарлаған болатын. Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді деп күтіледі, ал оңтүстікте +42 градусқа дейінгі аптап сақталады. Ауа райының егжей-тегжейлі болжамын осы жерден оқыңыз.









