Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңбыр, қар мен боран: мерекеде ауа райы қандай болады?

Жаңбыр, қар мен боран: мерекеде ауа райы қандай болады?

Фото: depositphotos.com
Қазгидромет синоптиктері Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 8, 9 және 10 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Астана


8 наурызда ауа райы құбылмалы болады, кей уақыттарда жаңбыр мен қар, бұрқасын, көктайғақ болатынын болжайды. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, жылдамдығы секундына 9-14 метр, екпіні 15-20 метрге дейін, күндіз кей уақытта 23 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -2-ден 0 градусқа дейін, күндіз 0-ден +2 градусқа дейін болады.
9 наурызда елордада ауа райы құбылмалы, кей уақыттарда қар, боран, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы секундына 9-14 метр, екпіні 15-20 метрге дейін. Ауа температурасы түнде -6-дан -8 градусқа дейін, күндіз -4-тен -6 градусқа дейін болады.
10 наурызда ауа райы құбылмалы, кей уақыттарда қар, боран болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғып, солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9-14 метр, екпіні 15-20 метрге дейін. Ауа температурасы түнде -15-тен -17 градусқа дейін, күндіз -13-тен -15 градусқа дейін төмендейді.

Алматы

8 наурызда ауа райы құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 0-ден +2 градусқа дейін, күндіз +14-тен +16 градусқа дейін жылынады.
9 наурызда ауа райы құбылмалы, кешке жаңбырды, түнде тұманды болжайды. Жел солтүстік-батыстан соғып, оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 3-8 метр, күндіз екпіні 15 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +3-тен +5 градусқа дейін, күндіз +13-тен +15 градусқа дейін болады.
10 наурызда ауа райы құбылмалы, кей уақыттарда жаңбыр аралас қар, түнде тұман болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғып, солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 3-8 метр, екпіні 15-18 метрге дейін. Ауа температурасы түнде -2-ден 0 градусқа дейін, күндіз +1-ден +3 градусқа дейін болады.

Шымкент

8 наурызда ауа райы құбылмалы, кей уақыттарда жаңбыр, тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде +4-тен +6 градусқа дейін, күндіз +14-тен +16 градусқа дейін болады.
9 наурызда ауа райы құбылмалы, жаңбыр күтіледі, ол күндіз күшейеді. Жел солтүстік-батыстан соғып, оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 8-13 метр, екпіні 15-20 метрге дейін. Ауа температурасы түнде +4-тен +6 градусқа дейін, күндіз +10-нан +12 градусқа дейін болады.
10 наурызда ауа райы құбылмалы, жауын-шашынды болжайды, түнде жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 8-13 метр, екпіні 15-20 метрге дейін. Ауа температурасы түнде -2-ден 0 градусқа дейін, күндіз 0-ден +2 градусқа дейін болады.

08 наурыз 2026 ж. 211 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930