Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қауіпсіз жол» Қызылорда облысында 1200 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

«Қауіпсіз жол» Қызылорда облысында 1200 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Қызылорда облысының аумағында «Заң мен Тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерінің жолын кесу және жол қозғалысына қатысушылардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.Іс-шара барысында жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша 1200 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Атап айтқанда, жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бұзудың – 98, көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтаудың – 38, міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген көліктерге қатысты – 81, көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдаланудың – 113, қауіпсіздік белдігін тақпау және жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзудың – 361 дерегі анықталды.
Сонымен қатар масаң күйде көлік құралын басқарудың – 8, көлік құралын басқару құқығы жоқ жүргізушілердің көлік басқаруының – 59, сондай-ақ көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізушілердің қайта көлік басқаруының – 8 дерегі тіркелді.
Әкімшілік шаралар нәтижесінде 91 автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Сондай-ақ қозғалысын шектеу мақсатында 206 автокөліктің мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері алынды.
Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жол қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға және жол қозғалысы ережелерін бұзбауға шақырады.
Жолдағы қауіпсіздік – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі.
14 тамыз 2026 ж. 35 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31