Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Магистратура грантына қол жеткізгендердің тізімі қашан шығады?

Магистратура грантына қол жеткізгендердің тізімі қашан шығады?

ЖИ жасаған иллюстрация
Биыл магистратураға түсу үшін тестілеуден шамамен 58 мың талапкер өтті. Ең жоғары нәтиже – 139 балл. Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша орташа көрсеткіш 77 балл, бейіндік бағытта – 24 балл болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ведомство мәліметінше, тестілеу барысында ереже бұзғаны үшін 94 талапкердің нәтижесі жойылған. Оның ішінде смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып кіруге әрекет жасаған 69 адам емтиханға жіберілмеген. Ал тестілеу кезінде ереже бұзған 25 талапкер аудиториядан шығарылып, олардың нәтижелері де жойылды.
Биыл магистратураның ғылыми-педагогикалық бағытына өту шегі – 75 балл, ал бейіндік бағыт бойынша – 30 балл.
Грант конкурсына қатысу үшін талапкерлер жеке куәліктің көшірмесін,  жоғары білім туралы құжат, яғни диплом мен оның қосымшасын, тестілеу сертификатын, бар болса, шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат тапсыруы қажет.
Өтініш берген кезде талапкер бір білім беру бағдарламала тобын және үш жоғары оқу орнын таңдай алады.
Грант конкурсына құжат қабылдау 12-18 тамыз аралығында жүргізіледі. Грант иегерлерінің тізімі 25 тамызға дейін жарияланады. Ал магистратураға қабылдау рәсімі 28 тамызға дейін аяқталуы тиіс.
Біз бұған дейін Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігі кей жағдайларда 120 балл да жеткіліксіз болып, ал 100 баллмен тегін оқуға түсу мүмкін екенін түсіндіргенін жаздық. ҰБТ-дан шекті балл алған түлектер енді әр оқу орнындағы мамандықтар бойынша конкурстан өтіп, таңдаған мамандықтары бойынша грант бөлінісін түсінбей жатқан көрінеді.


12 тамыз 2026 ж. 36 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31