Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ереже бұзған 67 талапкер магистратураға түсу мүмкіндігінен айырылды

Ереже бұзған 67 талапкер магистратураға түсу мүмкіндігінен айырылды

Ереже бұзған 67 талапкер магистратураға түсу мүмкіндігінен айырылды
 Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі
Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің аралық қорытындыcы жарияланды. Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталғалы 43 мыңнан астам талапкер емтихан тапсырды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 
Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша қатысушылардың 44%-ы, ал бейіндік бағыт бойынша 21%-ы шекті балл жинады. Орташа көрсеткіш ғылыми-педагогикалық бағытта – 75 балл, бейіндік бағытта – 23 балл. Ең жоғары нәтиже – 138 балл.
Осы уақытқа дейін 67 талапкердің нәтижесі жойылды. Оның ішінде 49 адам смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтуге әрекеттенсе, 18 талапкер тестілеу кезінде ережені бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды.
Тестілеу нәтижесімен келіспегендер емтихан аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде онлайн-апелляцияға өтініш бере алады. Өтініш 7 жұмыс күні ішінде қаралады.
Еске салайық, магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге 61 мыңнан астам өтініш қабылданған. Биыл магистратурада оқуға шамамен 11 мың білім гранты бөлінді.
04 тамыз 2026 ж. 27 0

Арменияда жер сілкінді

04 тамыз 2026 ж. 27

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31