Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің оңтүстігінде +44°С-қа дейін ыстық болады

Еліміздің оңтүстігінде +44°С-қа дейін ыстық болады

Pixabay.com
Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мамандары мәлім етті.
Қазақстан аумағында 11 тамызда ауа райына атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етеді, деп хабарлайды
Jambylinfo.kz 
Соған байланысты еліміздің жекелеген өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ жауып, желдің екпіні күшеюі мүмкін.
Синоптиктердің болжамынша, 11 тамызда Қазақстанның солтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Ал елдің орталығы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы басым болады.
Қазақстанның солтүстік-батысы, солтүстігі және шығысында түнгі және таңғы уақытта тұман күтіледі.
Сонымен қатар еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы жоғары деңгейде сақталады. Күндіз батыс және орталық өңірлерде ауа температурасы +27...+39°С аралығында болады. Солтүстік-батыс пен солтүстікте +25...+35°С, шығыс пен оңтүстік-шығыста +30...+42°С, ал оңтүстік өңірлерде +37...+44°С-қа дейін көтеріледі.
10 тамыз 2026 ж. 39 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31