Қазалы » Жаңалықтар » Қазақстандағы құрылыс материалдарының ішкі нарықтағы үлесі 70%-дан асты
Қазақстандағы құрылыс материалдарының ішкі нарықтағы үлесі 70%-дан асты
Құрылыс саласының жалпы ішкі өнімдегі (ЖІӨ) үлесі 6%-ға тең. Алғашқы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, елдегі құрылыс жұмыстарының көлемі 4,1 трлн теңгеге жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,2%-ға жоғары.Фото: freepik.com
Ал 2025 жылы көрсеткіш 10,7 трлн теңгеге жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 17,5%-ға өскен.
«Бұл игілікке ауқымды инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуы, тұрғын үй құрылысының қарқынды дамуы және инвестициялық белсенділіктің артуы арқасында қол жеткізілді», – делінген Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі хабарламасында.
Бұл ретте министрлік өкілдері отандық құрылыс материалдары өндірісі де жүйелі түрде жолға қойылып келе жетқанын атап өтеді. Ішкі нарықтағы қазақстандық өндірушілердің үлесі 70%-дан асады, ал нарық сұранысын 3 мыңнан астам кәсіпорын қамтамасыз етеді.
2026 жылы жалпы құны 202,2 млрд теңге болатын 48 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Бұл 3,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік бермек.
Жалпы құрылыс саласында елімізде 380 мыңнан астам маман еңбек етеді.