Тағы бір ел туристер үшін электронды визаны іске қосады
Сурет: freepik2026 жылғы 17 тамыздан бастап Непал туристерге электронды виза (e-Visa) рәсімдеу мүмкіндігін енгізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
e-Visa-ны Непалға бармас бұрын елдің Иммиграция департаментінің арнайы сайтында рәсімдеуге болады. Ол үшін туристер сауалнаманы толтырып, фотосын жүктеп, визалық алымды банк картасы арқылы төлеуі қажет.
Дайын виза өтініш берушінің электронды поштасына 24 сағат ішінде жіберіледі. Виза берілген күннен бастап алты ай бойы жарамды болады. Оның құны өзгеріссіз қалады:
15 күнге – 30 доллар;
30 күнге – 50 доллар;
90 күнге – 125 доллар.
Сонымен қатар туристер Непалға келген кезде визаны Катманду әуежайынан бұрынғыдай рәсімдей алады.













