Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлыбритания толықтай электронды визалар жүйесіне көшті

Ұлыбритания толықтай электронды визалар жүйесіне көшті

Ұлыбритания қағаз және паспортқа жапсырылатын визалардан толықтай бас тартып, электронды виза (eVisa) жүйесіне көшті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ел үкіметінің ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, енді шетел азаматтарының жеке деректері мен көші-қон мәртебесіне қатысты барлық ақпарат тек цифрлық форматта сақталады. Осыған байланысты Ұлыбританияның иммиграциялық қызметі енді өтініш берушілердің паспортына виза жапсырмайды.
"Осы сәттен бастап елге кіруге берілетін барлық жаңа рұқсаттар электронды виза (eVisa) түрінде рәсімделеді", – делінген ресми ақпаратта.
Айта кетейік, бұл жүйе Ұлыбританияда 2018 жылдан бері кезең-кезеңімен қолданылып келеді. Осы уақыт ішінде оны миллиондаған адам пайдаланған. Билік өкілдерінің айтуынша, электронды визаның басты артықшылықтарының бірі – қауіпсіздіктің жоғары болуы. Өйткені цифрлық форматтағы визаны жоғалтып алу, ұрлату немесе қолдан жасау мүмкін емес.
Сонымен қатар электронды жүйе шекарадан өту кезінде, сондай-ақ жұмысқа орналасу немесе тұрғын үй жалдау барысында иммиграциялық мәртебені растау рәсімін әлдеқайда жеңілдетіп, жылдамдатады.
Ұлыбритания үкіметі болашақ виза иелеріне электронды визаны пайдалану тәртібін де түсіндірді. Олардың мәліметінше, елге кіруге берілген өтініш мақұлданғаннан кейін туристке электронды визаны рәсімдеуге арналған ілеспе құжат беріледі. Осы құжатпен виза рәсімдеу орталығына барып, қажетті рәсімдерді аяқтау қажет.
Сапар алдында әрбір өтініш беруші Ұлыбританияның иммиграциялық қызметінің жеке кабинетіне кіріп, өзінің eVisa мәртебесін міндетті түрде тексеруі керек. Бұл елге кедергісіз кіруге мүмкіндік береді.
23 шілде 2026 ж. 25 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031