Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 5547 әскери бөлімінде «Алғашқы қызмет күні» іс-шарасы өтті

5547 әскери бөлімінде «Алғашқы қызмет күні» іс-шарасы өтті

2026 жылғы 1-шақырылыммен келген жас сарбаздарды әскери ортаға бейімдеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5547 әскери бөлімінде «Алғашқы қызмет күні» атты тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – жас толықтыруды әскери бөлімнің тыныс-тіршілігімен таныстыру, әскери қызметтің ерекшеліктерін түсіндіру, әскери тәртіп пен жарғы талаптарын меңгерту, сондай-ақ олардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухты қалыптастыру.
Іс-шараға бөлім командирі подполковник Ж. Беркенов, бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Б. Караманов, сондай-ақ запастағы сержант, әскери ардагер Аслыбек Ербошаев қатысты.
Жиын барысында бөлім командирі подполковник Ж. Беркенов жас сарбаздарға әскери қызметтің мәртебесі мен жауапкершілігі туралы айтып, Отанға адал қызмет ету – әрбір азаматтың қасиетті борышы екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол әскери ортада «Заң мен тәртіп» қағидатын қатаң сақтау – жауынгерлік дайындықтың, қауіпсіздік пен бірліктің негізі екенін атап өтіп, сарбаздарды әскери тәртіпті мүлтіксіз орындауға, жүктелген міндеттерге жауапкершілікпен қарауға және әскери антқа адал болуға шақырды.
Бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Б. Караманов әскери бөлімдегі күн тәртібі, әскери қызметшілердің құқықтары мен міндеттері, әскери тәртіп пен қауіпсіздік талаптары жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, «Заң мен тәртіп» қағидатының күнделікті қызмет барысында сақталуының маңыздылығына ерекше тоқталды.
Өз кезегінде ардагер запастағы сержант Аслыбек Ербошаев жас сарбаздармен өмірлік және қызметтік тәжірибесімен бөлісіп, әскери қызметтің адамды шыңдайтын, жауапкершілік пен отансүйгіштікке тәрбиелейтін үлкен мектеп екенін атап өтті. Ол жастарға елге адал қызмет етіп, әскери бөлімнің абыройын биік ұстауға тілектестік білдірді.
Іс-шара соңында жас сарбаздарға сәтті қызмет, мықты денсаулық, қайсарлық пен табандылық тілеп, олардың әскери ұжымға тез бейімделіп, нағыз Отан қорғаушысы болып қалыптасатынына сенім білдірілді.
Мұндай тәрбиелік іс-шаралар жас сарбаздардың әскери қызметке қызығушылығын арттыруға, патриоттық санасын қалыптастыруға, «Заң мен тәртіп» қағидатын берік ұстануына және әскери ұжымға бейімделуіне оң ықпал етеді.
07 тамыз 2026 ж. 50 0

7 тамызға валюта бағамы

07 тамыз 2026 ж. 42

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31