Қазалы ауданында қаржылық қауіпсіздік бойынша кездесу өтті
Бүгін Қазалы ауданында аудан әкімінің орынбасары Жәнібек Алиевтің төрағалығымен Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында аудан тұрғындарымен кездесу өтті.Жиынға Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушілері Майра Тұрлыбекқызы Оралбаева мен Шыңғысхан Орнықұлы Досжанов, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, мемлекеттік мекемелердің басшылары, қоғамдық ұйым өкілдері және аудан тұрғындары қатысты.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» қағидатын қоғамда орнықтыру жөніндегі тапсырмалары аясында интернет-алаяқтықтың, қаржы пирамидаларының және экономикалық құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды.
Тұрғындарға интернет алаяқтарының әрекет ету тәсілдері, жеке деректерді қорғау, күмәнді қаржылық ұсыныстардан сақтану жолдары мен қолданыстағы заңнама талаптары жан-жақты түсіндірілді. Кездесу соңында аудан тұрғындары тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, құқықтық кеңестер ұсынылды.
Шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру, заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру және азаматтарды алаяқтық қылмыстарынан сақтандыру болды.













