Қызылордада қаржылық қауіпсіздік бойынша шара өтті

Шараның мақсаты – жастар арасында қаржылық сауаттылықты арттыру, дропперлік қылмыс, қаржылық пирамида секілді алаяқтық әрекеттердің алдын алу және оларға қарсы күрес дағдыларын қалыптастыру болды.
Жиын барысында департамент басшысы Аслан Кеңес студенттерге қаржы алаяқтарының әрекет ету әдістері, дроппер болудың салдары, қаржылық пирамидалардың белгілері мен олардан сақтану жолдары туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, интерактивті ойындар мен практикалық тапсырмалар арқылы қатысушылар өз білімдерін сынап көріп, түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдау дағдыларын шыңдады.
Кездесу аясында арнайы викториналар мен ойындар ұйымдастырылып, үздік нәтиже көрсеткен қатысушыларға сыйлықтар берілді.
Бұл іс-шара жастардың қаржылық мәдениетін қалыптастыруға, алаяқтықтың алдын алуға және қауіпсіз экономикалық орта құруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.