Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Enbek.kz: Қазақстанда жұмыс іздеушілер саны өсіп жатыр

Enbek.kz: Қазақстанда жұмыс іздеушілер саны өсіп жатыр

Шілде айында Enbek.kz платформасында жарияланған 141,2 мың түйіндеменің 54%-ын 35 жасқа дейінгі азаматтар орналастырған.
Enbek.kz: Қазақстанда жұмыс іздеушілер саны өсіп жатыр
Фото: www.istockphoto.com
2026 жылдың шілде айында Қазақстанның еңбек нарығында жұмыс іздеушілер саны артты. Enbek.kz электрондық еңбек биржасының мәліметінше, бір ай ішінде жұмыс берушілер 104,6 мың бос жұмыс орнын жарияласа, жұмыс іздеушілер 141,2 мың түйіндеме орналастырған, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, маусым айымен салыстырғанда бос жұмыс орынның саны 3,8%-ға азайғанымен, түйіндемелер саны 11,5%-ға көбейген. Мамандар мұны жаз мезгіліндегі маусымдық үрдіспен байланыстырады. Бұл кезеңде жоғары және техникалық оқу орындарының түлектері еңбек нарығына белсенді шығып, жұмыс іздеушілер қатары артады.
Шілде айында жұмыс күшіне ең жоғары сұраныс білім беру саласында тіркелген, мұнда бос жұмыс орын –  23,4 мың. Сондай-ақ жұмыс берушілер тарапынан келесі салаларда сұраныс жоғары:
  • қызмет көрсету саласы – 16 мың бос жұмыс орны;
  • денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету – 10,3 мың;
  • ауыл, орман және балық шаруашылығы – 8,2 мың;
  • өңдеу өнеркәсібі – 6,8 мың;
  • құрылыс саласы – 5,7 мың бос жұмыс орны.
Өңірлік бөліністе ең көп вакансия Астана қаласында жарияланған. Елордада бір ай ішінде 8,8 мың бос жұмыс орны ұсынылды. Одан кейінгі орында Түркістан облысы – 7,6 мың және Павлодар облысы – 7,1 мың.
Жұмыс берушілердің негізгі сұранысы орта деңгейдегі біліктілігі бар мамандарға бағытталған. Мұндай бос жұмыс орындары барлық ұсыныстың – 38,8%-ы. Төмен біліктілікті қажет ететін жұмыстың үлесі 30,7%, ал жоғары білікті мамандарға арналған вакансиялар 30,5%-ға жетті. 
Шілде айында жұмыс берушілер ең жоғары жалақыны бағдарламалық қамтамасыз ету архитекторы лауазымына ұсынған. Бұл қызмет бойынша ұсынылған еңбекақы шамамен 1,12 миллион теңгеге жеткен. Одан кейін ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инженер-инспектор – шамамен 910 мың теңге; маркетинг және өнімді өткізу бөлімінің бастығының орынбасары – шамамен 900 мың теңге.
06 тамыз 2026 ж. 84 0

6 тамызға валюта бағамы

06 тамыз 2026 ж. 76

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31