Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Орта мектеп мұғалімдеріне сұраныс артып келеді

Орта мектеп мұғалімдеріне сұраныс артып келеді

Электрондық еңбек биржасының деректеріне сәйкес, ағымдағы жылдың тамыз айында жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер 57,5 мың түйіндеме мен 113,1 мың бос жұмыс орны жөнінде хабарлама орналастырды, деп жазады Egemen.kz.
Шілдемен салыстырғанда түйіндемелер саны 20%-ға, ал бос орындар туралы хабарландыру саны 38%-ға артты. Жаңа оқу жылы қарсаңында Алматы (+130%), Жамбыл (+142%) және Маңғыстау (101%) облыстарында жоғары білікті мамандарға, әсіресе орта мектеп мұғалімдеріне сұраныс айтарлықтай өскен.
Тамыз айында кәсіби мамандар арасында белсенділіктің артуы байқалды. Мәселен, өткен аймен салыстырғанда бос орындар саны 135%-ға (+16,7 мың бірлік), ал түйіндеме 71%-ға (+21,2 мың) артты. Сонымен қатар, бұл топ арасында ең көп сұранысқа ие шет тілдері (+1,8 мың), орыс тілі мен әдебиеті (+1,7 мың), сондай-ақ бастауыш сыныптар мен математика (+1,2 мың) мұғалімдері болды.
Сонымен қатар, ізденушілер арасында орта мектеп, оның ішінде шет тілі (+1,4 мың), бастауыш сынып (+844), дене шынықтыру (+810) және қазақ тілі (+725) мұғалімдерінің түйіндемелері санының өсуі байқалады.
«Өткен айда ұсыныс белгілі бір мамандарғаа деген сұранысты ішінара қанағаттандырды. Сонымен қатар осы салада кейбір мамандардың тапшылығы және артылуы қалыптасты. Мысалы, жұмыс іздеп жүрген дене шынықтыру және спорт мұғалімдері талап етілгеннен көп болды – 1269 түйіндемеге 805 бос жұмыс орны. Ал  қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері үшін 788 вакансия ашыса, түйындеме саны - 1180», деп атап өтті ҚР Еңбекмині «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Басқарушы директоры Александра Молчановская.
Еңбек биржасындағы түйіндемелер мен бос жұмыс орындарының санын салыстыру қызмет көрсету және сату саласында қызметкер тапшылығы бар екенін көрсетті. Мысалы, тамыз айында күзетшілер, сатушы консультанттар,  кассирлер, аспаздар, сондай-ақ тәрбиешілердің көмекшісі көбірек сұранысқа ие болды.
«Тамыз айында Ұлттық халық санағына байналысты сауалнама жүргізушілер ең көп сұранысқа ие болды: 2560 бос орынға тек 8 түйіндеме ұсынылды», деді Александра Молчановская.
Жалпы, біліктілік топтары тұрғысынан алғанда, алдағы егін жинауға байланысты ауыл шаруашылығы жұмыстарының қызуына қарамастан, фермерлер мен ауыл шаруашылығының өзге де жұмыскерлері арасында қызметкер жалдау 17%-ға, сондай-ақ өндірістегі операторлар арасында (-1%) қысқарды. Бұл ретте біліктілігі жоқ жұмыс еңбегіне деген сұраныс алдыңғы айлардағыдай барлық жарияланған бос орындардың төрттен бір бөлігін құрайды, олардың арасында бос жұмыс орындарының, атап айтқанда, қосалқы жұмысшылар үшін (+2,1 мың адам) айтарлықтай өсуі байқалады. Бұл ретте бос жұмыс орындарының саны ең көп Қызылорда (+142%), Батыс Қазақстан (+81%) және Алматы облыстарында (+76%) өсті.

07 қыркүйек 2021 ж. 446 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 44

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930