Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан мен тағы алты ел мұнай өндіруге қатысты маңызды шешім қабылдады

Қазақстан мен тағы алты ел мұнай өндіруге қатысты маңызды шешім қабылдады

добыча нефтиФото: depositphotos.com
ОПЕК+ альянсына мүше, бұған дейін мұнай өндіруді ерікті түрде шектеу жөнінде қосымша міндеттеме алған елдер әлемдік нарықтағы жағдайды бағалау үшін онлайн кездесу өткізді. Кездесу қорытындысында мұнай өндіру көлемін арттыру туралы шешім қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап.
Келіссөз нәтижесінде Сауд Арабиясы, Ресей, Ирак, Кувейт, Қазақстан, Алжир және Оман қыркүйектен бастап мұнай өндіру көлемін тәулігіне 188 мың баррельге ұлғайтуға келісті.
Кездесуге қатысушылар әлемдік мұнай нарығындағы тепе-теңдік пен тұрақтылықты сақтауға бейіл екенін тағы растады. Қыркүйектегі бұл өзгеріс бұрын қысқартылған мұнай көлемін жедел өтеуге мүмкіндік беретіні айтылды.
Жарияланған кестеге сәйкес, Қазақстанның қыркүйектегі квотасы тәулігіне 1,628 миллион баррель болады. Ең жоғары көрсеткіш Сауд Арабиясы мен Ресейге тиесілі - тиісінше 10,478 және 9,949 миллион баррель. Ең төменгі мөлшер Оманға белгіленген - тәулігіне 841 мың баррель.
добыча нефти ОПЕК+Дереккөз: www.opec.org
Нарықтағы жағдайды талқылауға арналған ОПЕК+ құрамындағы жеті ел министрлерінің келесі ай сайынғы кездесуі 2026 жылғы 6 қыркүйекке жоспарланған.

ОПЕК+ деген не және ол немен айналысады?

ОПЕК+ - ірі мұнай экспорттаушы елдерді біріктіретін мемлекетаралық ұйым. Оның құрамына Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының 12 тұрақты мүшесі және Қазақстан мен Ресейді қоса алғанда, мұнай өндіретін 10 тәуелсіз мемлекет кіреді. Альянстың негізгі мақсаты - нарықта күрт теңгерімсіздік туындамас үшін мұнай өндіру көлемін өзара үйлестіру.
ОПЕК+ мұнай өндіруге квота енгізу немесе оны алып тастау арқылы әлемдік нарықтағы ұсыныс көлеміне ықпал етеді. Соның нәтижесінде шикі мұнай бағасының қалыптасуына тікелей әсер етеді.
Ал бір баррель мұнайдың нарықтағы бағасы экспорттаушы елдер бюджетінің кірісіне, ұлттық валюталардың бағамына, жанармай құнына және әлемдік инфляцияға ықпал етеді.
Бұған дейін ОПЕК+ құрамындағы жеті ел, соның ішінде Қазақстан, 2026 жылғы тамызда мұнай өндіруді тәулігіне 188 мың баррельге арттыру туралы шешім қабылдаған еді.

02 тамыз 2026 ж. 28 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31