Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » +44 градустан күрт салқынға дейін: тамызда ауа райы қандай болады?

+44 градустан күрт салқынға дейін: тамызда ауа райы қандай болады?

Фото:depositphotos.com
"Қазгидромет" синоптиктері 2026 жылдың тамызына арналған консультативтік ауа райы болжамы жарияланды. Жаздың соңғы айында температура күрт ауытқиды: кей өңірлерде ауа температурасы +44 градусқа дейін көтерілсе, кей жерлерде нөсер, найзағай күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қай жерлерде ыстық болады?
Синоптиктер болжамы бойынша, ең ыстық ауа райы Қазақстанның батысы, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында болады. Тамыздың алғашқы онкүндігінде-ақ елдің батысында температура +34…+39 градусқа дейін, Атырау облысының оңтүстігінде +41 градусқа дейін көтерілсе, Маңғыстау облысында термометр бағаны +39…+44 градусқа дейін жетуі мүмкін.
Елдің оңтүстігінде де айдың басында аптап сақталады - +39…+44 градусқа дейін, ал Жамбыл облысының кей жерлерінде +42 градусқа дейін ыстық болады деп күтіледі
Орталық және шығыс өңірлерде ауа райы құбылмалы болады: +41 градусқа дейінгі аптап +22…+31 градус шамасындағы қолайлы ауа температурасымен алмасып отырады.
Қай өңірлерде нөсер жауын күтіледі?
Тамыздың алғашқы онкүндігі белсенді солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронттар ықпалында болады. Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, қысқа мерзімді жаңбыр жауады, кей жерлерде екпінді жел мен бұршақ жаууы мүмкін.
Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс аймақтарында нөсер күтіледі. Бірінші онкүндіктің ортасында оңтүстік-шығыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында да қатты жаңбыр жауады деп болжанған.
Сонымен қатар, еліміздің батыс бөлігі мен орталығында бірінші онкүндіктің ортасынан бастап жауын-шашын қысқа мерзімге тоқтайды.
Күн қашан салқындайды?
Тамыздың басындағы ыстыққа қарамастан, бірқатар өңірде температура біртіндеп төмендей бастайды. Қазақстанның солтүстігінде күндізгі температура +25…+35 градустан +20…+28 градусқа дейін төмендеп, кейін бірінші онкүндіктің соңына қарай қайтадан +30…+38 градусқа дейін көтеріледі. Оңтүстікте ыстық +39…+44 градустан +29…+36 градусқа дейін бәсеңдейді.
Айдың екінші және үшінші онкүндігінде еліміздің солтүстік жартысында түнде кей жерлерде небәрі +3…+8 градус болады, ал күндіз температура +17-ден +35 градусқа дейін ауытқиды. Республиканың батысы мен оңтүстігінде түнгі температура біртіндеп +17…+27-ден +13…+18 градусқа дейін, ал күндізгі температура +32…+42-ден +25…+35 градусқа дейін төмендейді.
Синоптиктер бір айға арналған болжам консультативтік сипатта екенін және жаңа деректердің түсуіне қарай түзетілуі мүмкін екенін ескертеді.
31 шілде 2026 ж. 44 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031