Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда тамыздың алғашқы күндері +40 градусқа дейінгі аптап ыстық сақталады

Қазақстанда тамыздың алғашқы күндері +40 градусқа дейінгі аптап ыстық сақталады

Фото: depositphotos.com
“Қазгидромет” синоптиктері 1, 2 және 3 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Болжамға сәйкес, алдағы үш тәулікте Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады. Елдің басым бөлігінде аптап ыстық сақталғанымен, кей өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауып, бұршақ түсуі және екпінді жел соғуы мүмкін.
Синоптиктер ең жоғары температура оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс және орталық өңірлерде тіркеледі деп болжады. Бұл аймақтарда күндіз ауа температурасы +35…+40 градусқа дейін жетуі мүмкін.
Аптап ыстыққа қарамастан, атмосфералық жағдай тұрақсыз болады. Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады.
Ал солтүстік және орталық облыстарда кей жерлерде нөсер жауын күтіледі. Жаңбыр бұршақ пен екпінді желге ұласуы мүмкін.
Ауа райындағы алғашқы өзгеріс елдің батысында байқалады. 1 тамыздан бастап бұл өңірге салқын ауа массасы еніп, температура аздап төмендейді. Дегенмен ауа температурасы климаттық қалыпты көрсеткіштен жоғары болып қала береді.
31 шілде 2026 ж. 158 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31