Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бас прокуратура қылмыстық процеске ЖИ қосты: Не өзгереді?

Бас прокуратура қылмыстық процеске ЖИ қосты: Не өзгереді?

Фото: Pexels
Бас прокурор Берік Асыловтың қылмыстық процесті цифрландыруды дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметінің бастығы Асхат Шәріпов жетекші отандық IT-компаниялар мен цифрлық экожүйе ұйымдары өкілдерімен бірқатар жұмыс кездесуін өткізді, деп деп хабарлайды Orda.kz. 
Кездесу барысында «Q.AI Limited» компаниясының бас директоры Дмитрий Мун мемлекеттік басқаруда жасанды интеллектіні қолданудың заманауи мүмкіндіктерін, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеуге арналған перспективалы шешімдерді таныстырды.
Alem.ai жасанды интеллект орталығында өткен кездесуде Astana Hub, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Astana Innovations» АҚ және «TSARKA» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілдері отандық цифрлық әзірлемелерді ұсынды. Олардың қатарында Smart Data Ukimet, Smart City платформалары, сондай-ақ цифрлық криминалистика саласындағы заманауи шешімдер бар.
Таныстырылған технологиялар үлкен көлемдегі деректерді зияткерлік тұрғыдан талдау, жекелеген процестерді автоматтандыру және қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеу кезіндегі сараптамалық мүмкіндіктерді кеңейту арқылы сотқа дейінгі тергеп-тексеру тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.
Өз кезегінде Асхат Шәріпов Бас прокурор Берік Асыловтың тапсырмасымен, мемлекет басшысы жариялаған «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» аясында заманауи цифрлық технологиялар кезең-кезеңімен енгізіліп жатқанын хабарлады. Сондай-ақ қылмыстық істерді тергеуде және «Заң және тәртіп» қағидатын қамтамасыз етуде жасанды интеллектінің мүмкіндіктері кеңінен қолданылып жатқанын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. Құжаттар бірлескен жобаларды іске асыру, тәжірибе алмасу және арнайы прокурорлардың қызметіне озық отандық цифрлық шешімдерді енгізу жөніндегі өзара ниеттерді бекітті.


30 шілде 2026 ж. 32 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031