Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда 6 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Қазалыда 6 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Биылғы жылы Қазалы ауданында Жанқожа батыр атындағы № 70, С.Сейфуллин атындағы №165, Қ. Сәтбаев атындағы №216, Қ, Нұрмаханов атындағы №95, Ақсуат ауылындағы №100 және Ү.Түктібаев ауылындағы Б.Әбдіразақов атындағы №88 мектептерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Білім ошақтарына жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары оқу процесінің қауіпсіз және тиімді өтуін қамтамасыз ету мақсатында жазғы демалыс кезеңінде жасалуда.
Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов мектептерге жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарын көріп, мердігер мекемелердің басшыларымен кездесті. Құрылысшыларға жөндеу жұмыстарының сапасына аса мән беріп, белгіленген мерзімде жоспарланған жұмыстарды аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ білім ошақтарындағы жөндеу жұмыстары тікелей бақылауында болатынын ескертті.
6 мектепке жасалатын ағымдағы жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 269,9 млн. теңгеге қаржы қаралып, бүгінгі күні жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігерлер анықталған. Қазіргі таңда мектеп ғимараттарының едендері мен есіктерін ауыстыру, спорт залдарын ағымдағы жөндеу, шатырын ауыстыру, жылу жүйесін ауыстыру және аудан орталығындағы Қ. Сәтбаев атындағы №216 мектептің арты мен спорт зал ғимараттарының сыртын қаптау жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетейік, мектептерге жасалып жатқан жөндеу жұмыстары 20 тамызға дейін толықтай аяқталып, жаңа оқу жылына пайдалануға беру жоспарланып отыр.
29 шілде 2026 ж. 38 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031