Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үкімет Қазақстанның жаңа спутник жүйесіне миллиардтаған қаржы бөлді

Үкімет Қазақстанның жаңа спутник жүйесіне миллиардтаған қаржы бөлді

Үкімет Қазақстанның жаңа спутник жүйесіне миллиардтаған қаржы бөлдіФото: depositphotos.com
Үкімет жаңа KazSat-3R ғарыш байланыс жүйесін құруға 10,4 млрд теңгеден аса қаражат бөлді, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Жоба ұлттық спутник байланыс жүйесі мен телекоммуникация саласын дамытуға бағытталған. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды.
Бөлінген қаражат қолданыстағы KazSat-3 аппаратын алмастыратын жаңа KazSat-3R спутник байланыс жүйесін жасауға жұмсалады. KazSat-3-ті пайдалану мерзімі 2029 жылы аяқталады.
"Жаңа аппарат ұлттық спутник байланыс жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді. Жобаны жүзеге асыру спутник байланыс желілері мен телерадио хабар тарату жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, халық аз қоныстанған және шалғай елді мекендерде интернетке қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ақпараттық қауіпсіздік деңгейі артып, Қазақстанның технологиялық егемендігі нығаяды", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, қазір KazSat ғарыш байланыс жүйесінің мүмкіндіктерін еліміздің ірі байланыс операторлары мен мемлекеттік құрылымдар пайдаланады. Жүйе арқылы телерадио хабар тарату, дерек жеткізу, мобильді байланыс және интернет қызметі көрсетіледі. Жүйеге 19 байланыс операторы қосылған және телехабар тарату қызметін 2 миллионнан аса абонент пайдаланады. 

23 шілде 2026 ж. 42 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031