Ел болашағы – әр азаматтың таңдауында
Алдағы Құрылтай депутаттарының сайлауы – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Бұл – мемлекетіміздің демократиялық қағидаттарын нығайтуға, азаматтардың саяси белсенділігін арттыруға және қоғамның дамуына тың серпін беретін маңызды саяси науқан.Жаңа Конституцияда белгіленген реформаларды жүзеге асыру аясында өтетін бұл сайлау – халықтың еркін білдіретін, елдің болашағын айқындайтын маңызды қадам.
Сайлау нәтижесінде заң шығару ісінің жаңа кезеңі басталып, халық мүддесін қорғайтын жоғары өкілді органның құрамы қалыптасады.
Құрылтай депутаттарының сайлауына «Әділет» партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП), «Байтақ» Қазақстан жасылдар партиясы, Қазақстан халық партиясы (ҚХП) және Respublica партиясы қатыса алады.
Бұл – азаматтарға өз таңдауын жасап, елдің саяси өміріне белсенді араласуға берілген мүмкіндік.
Әрбір азаматтың дауысы – мемлекет тағдырына қосқан үлесі. Сайлауға қатысу – тек құқық қана емес, туған ел алдындағы азаматтық жауапкершілік. Біздің белсенділігіміз ауданымыздың, өңіріміздің және тұтас еліміздің дамуына ықпал етеді.
Сондықтан барша аудан тұрғындарын алдағы саяси науқанға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырамыз.
Ел ертеңіне бейжай қарамай, бірлігімізді, татулығымызды және азаматтық жауапкершілігімізді танытайық.
Бірлігіміз бекем, таңдауымыз саналы болсын!
Ел болашағы – өз қолымызда!













