“Мұндай мәліметті желіде бөліспеңіз“. ІІМ жасөспірімдерге үн қатты
Фото: depositphotos.comІшкі істер министрлігі интернеттегі қауіпсіздік қарапайым, бірақ маңызды ережелерден басталатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желі қарым-қатынас жасауға, білім алуға және қызық сәтті бөлісуге мүмкіндік береді. Алайда мұндай ашықтық қауіпсіздікке қатер төндірмеуге тиіс.
Осы орайда ведомство негізгі ережелерді ұсынды:
- Мекенжайыңызды, телефон нөміріңізді, оқитын мектебіңізді, сабақ кестесін және орналасқан жеріңізді анықтауға мүмкіндік беретін басқа да жеке мәліметті жарияламаңыз.
- Геолокацияны көрсететін сурет пен стористі нақты уақыт режимінде салмаңыз. Ондай материалдарды сол жерден кеткеннен кейін ғана бөліскен дұрыс.
- Достар қатарына тек жеке танитын адамдарды қосыңыз.
- Парақшаңыздың құпия баптауларын реттеп, жазбаңызды тек сенімді адамдар көретіндей етіп қойыңыз.
- Бейтаныс адамдарға жеке сурет, құжаттарыңызды немесе өзге де құпия ақпаратты жібермеңіз.
- Бейтаныс адам сізге шамадан тыс назар аударып, жеке мәліметіңізді сұраса, қайда жүргеніңізді білетінін айтса немесе қорқытуға тырысса, онымен байланысты бірден тоқтатыңыз.
- Күмәнді парақшаны бұғаттаңыз.[media=]












