Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Сізге сыйлық бар!»: полиция азаматтарды алаяқтардан сақ болуға шақырады

«Сізге сыйлық бар!»: полиция азаматтарды алаяқтардан сақ болуға шақырады

«Сізге сыйлық бар!»: полиция азаматтарды алаяқтардан сақ болуға шақырады
Фото: freepik.com
Полиция азаматтарды абай болуға, жеке деректерді бөгде адамдарға бермеуге және кез келген ақпаратты бірнеше рет тексеруге шақырады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Алаяқтардан айла артылар емес. Олар туған күніңізді біліп алып, сізге хабарласады. «Сізге сыйлық бар, мекенжайыңызды айтыңызшы» деп сенімге кіріп, өздеріне қажет деректі білуге тырысады.
Әңгіме арасында жеке мәліметтерді айтуды талап етеді. Егер ақпаратты беріп қойсаңыз, банк картаңыздағы ақшаңыздан айырылып қалуыңыз мүмкін.
Есіңізде болсын:
- Жеке мәліметтеріңізді ешкімге жария етпеңіз;
- карта нөмірі, CVV-код, бір реттік код – құпия ақпарат;
- «курьер» немесе «банк қызметкері» деп хабарласқандарға сенбеңіз. Ресми нөмірге өзіңіз қоңырау шалып, анық-қанығын біліңіз;
- бейтаныс адамға ақша аудармаңыз;
- күмән туындаса, дереу банкке хабарласып картаңызды бұғаттаңыз.
«Егер абайсызда алаяқтарға алданып қалсаңыз – ең бірінші картаңызды бұғаттап, банкке хабарласыңыз. Артынша дереу полицияға қоңырау шалыңыз.
Бұл туралы жақындарыңызға, әсіресе ата-ана мен ата-әжелеріңізге ескертіңіз. Көп жағдайда адамдар құпия ақпаратты өздері айтып қояды», - делінген хабарламада.
01 қазан 2025 ж. 169 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 129

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 116

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 123

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031