Балалар әлеуметтік желіде өздерін қалай қорғай алады?

Негізгі ережелер:
- Мекенжайыңызды, телефон нөміріңізді, оқитын мектебіңізді, сабақ кестесін және сіздің орналасқан жеріңізді анықтауға мүмкіндік беретін басқа да жеке мәліметтерді жарияламаңыз.
- Геолокацияны көрсететін фото мен стористі нақты уақыт режимінде салмаңыз. Ондай материалдарды сол жерден кеткеннен кейін ғана бөліскен дұрыс.
- Достар қатарына тек жеке танитын адамдарды ғана қосыңыз.
- Парақшаңыздың құпиялық баптауларын реттеп, жарияланымдарыңызды тек сенімді адамдар көретіндей етіп қойыңыз.
- Бейтаныс адамдарға жеке фотоларыңызды, құжаттарыңызды немесе өзге де құпия ақпаратты жібермеңіз.
- Егер бейтаныс адам сізге шамадан тыс назар аударып, жеке мәліметтеріңізді сұраса, қайда жүргеніңізді білетінін айтса немесе қорқытуға тырысса, онымен байланысты бірден тоқтатыңыз.
- Күмәнді аккаунтты бұғаттаңыз.
- Мұндай жағдайлар туралы міндетті түрде ата-анаңызға, заңды өкіліңізге немесе сенім артатын ересек адамға айтыңыз.













