Қазалы » Жаңалықтар » Қызылордадағы «Қайсар Арена» стадионы УЕФА-ның ең жоғары-төртінші санатын алды
Қызылордадағы «Қайсар Арена» стадионы УЕФА-ның ең жоғары-төртінші санатын алды
Фото: «Қайсар Арена» стадионыҚызылордадағы «Қайсар Арена» стадионы ресми түрде УЕФА-ның ең жоғары-төртінші санатына ие болды. Еске сала кетейік, осы жылдың сәуір айында аренаға УЕФА-ның стадиондар инфрақұрылымы жөніндегі өкілі Скотт Струзерс инспекциялық сапармен келген. Сарапшы нысанмен егжей-тегжейлі танысып, стадионның УЕФА-ның стадиондар инфрақұрылымы жөніндегі регламентіне сәйкестігін бағалады. Тексеру нәтижесі мен есептерді талдау қорытындысы бойынша УЕФА «Қайсар Аренаға» ең жоғары төртінші санат берді. Енді Қызылорда стадионы ең жоғары деңгейдегі халықаралық матчтарды, соның ішінде Қазақстан ұлттық құрамасының Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі және Ұлттар лигасындағы ойындарын, сондай-ақ еурокубок турнирлері – Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы және Конференция лигасының іріктеу әрі негізгі кезеңдерін қабылдауға толық дайын. Бұл санатты алу аймақтың спорттық инфрақұрылымын дамытудағы және еліміздегі халықаралық футбол кездесулерінің географиясын кеңейтудегі маңызды қадам болды.