Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда УЕФА стандартына сай жаңа стадион ашылды

Қазақстанда УЕФА стандартына сай жаңа стадион ашылды

Фото: Туризм және спорт министрлігі
Қызылорда қаласында 11 мың орындық көпсалалы “Қайсар Арена” стадионы ашылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Спорт нысанының жалпы аумағы 20 мың шаршы метрден асады. Кешенде бокс, күрес, спорттық гимнастика, таеквондо, ауыр атлетикаға арналған залдар бар. Сонымен қатар орталықта ерекше қажеттілігі бар жандар үшін де қолайлы жағдай қарастырылған.
"Жыл басынан бері еліміздің 14 өңірінде 32 спорт нысаны пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 70 нысанның құрылысы аяқталады деп жоспарлануда. "Қайсар Арена" стадионы – Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асқан ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі. Бұл кешен ірі халықаралық жарыстар мен мәдени-спорттық іс-шараларды өткізуге мүмкіндік береді", – деді туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.
Стадион УЕФА-ның 4-санатына толық сәйкес келеді. Футбол алаңы заманауи жасанды көгалмен жабдықталып, жарықтандыру жүйесі де УЕФА талаптарына сай жасалған.
Еске салсақ, Қазақстанда жеті қалада стадион салынатыны туралы жазғанбыз.
07 қазан 2025 ж. 110 0

Жол сапасы бақылауда

07 қазан 2025 ж. 113

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031