Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Арсенал» – «Қайрат» матчының билеттері сатылымға шықты

«Арсенал» – «Қайрат» матчының билеттері сатылымға шықты

 Фото: instagram.com/f.c.kairat

2026 жылғы 28 қаңтарда Лондондағы Emirates Stadium стадионында жергілікті уақытпен 20:00-де (01:00 Алматы уақыты) УЕФА Чемпиондар лигасы аясында «Арсенал» – «Қайрат» матчы өтеді. Билеттер сатылымға шықты. Бұл туралы Qandastar.kz порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«Қайрат» футбол клубының Telegram желісіндегі арнасының хабарлауынша, қонақ секторына арналған билет Qairat SuperApp және Freedom SuperApp мобильді қосымшаларында сатылып жатыр. Билет қайтарылмайды.
Қазақстандықтар алматылық клубқа ағылшын Премьер-лигасының көшбасшысына қарсы өтетін тарихи ойында стадионнан қолдау көрсете алады.
Айта кетейік, алматылық «Қайрат» футбол клубы 20 қаңтарда УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі жетінші туры аясында Бельгияның «Брюгге» командасымен ойнайды. Кездесу «Астана Арена» стадионында өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен сағат 20:30-да басталады.
 
18 қаңтар 2026 ж. 255 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031