Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Грантқа түсіреміз»: алаяқтар магистратураға тапсыратындарды арбайтын жаңа әдіс тапты

«Грантқа түсіреміз»: алаяқтар магистратураға тапсыратындарды арбайтын жаңа әдіс тапты

Алаяқтар жаңа әдістерін іске асыруға кіріскен
«Грантқа түсіреміз»: алаяқтар магистратураға тапсыратындарды арбайтын жаңа әдіс тапты
Фото:
istockphoto.com
Соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «кешенді тестілеуден өткізіп береміз», «грант кепілдігін береміз» немесе «тест сұрақтарының дайын жауаптары бар» деген алаяқтық хабарландырулар қаптап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық тестілеу орталығы болашақ магистранттарды мұндай күмәнді ұсыныстарға сенбеуге және алаяқтардың арбауына түспеуге шақырады.
Орталықтың өкілдері ескерткендей, әрбір қатысушыға тестілеу кезінде жеке нұсқа құрастырылады. Сонымен қатар тапсырмалар үнемі жаңартылып отырады. Сондықтан ғаламторда тарап жатқан «дайын сұрақтар мен жауаптардың» нақты емтиханға еш қатысы жоқ.
Мамандар тест материалдарын заңсыз таратуға қатысты кез келген факті жіті тексерілетінін жеткізді. Тест тапсырмалары Ұлттық тестілеу орталығының зияткерлік меншігі саналады, ал оны жариялау немесе сату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтырады.
Талапкерлер алаяқтардың сөзіне ермей, академикалық адалдықты сақтағаны және тек өз біліміне сүйенгені жөн.



23 шілде 2026 ж. 23 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031