Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Виза алу жеңілдей ме: Қазақстан мен Ұлыбритания жаңа келісімге келді

Виза алу жеңілдей ме: Қазақстан мен Ұлыбритания жаңа келісімге келді

Виза алу жеңілдей ме: Қазақстан мен Ұлыбритания жаңа келісімге келді
Фото: istockphoto.com
Бұл екі ел арасындағы жаңа стратегиялық әріптестік келісіміне байланысты қарастырылып отыр. Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы виза алу тәртібі алдағы уақытта жеңілдетілуі ықтимал, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 
Бұл екі ел арасындағы жаңа стратегиялық әріптестік келісіміне байланысты қарастырылып отыр.
Аталған құжат бұған дейін наурыз айында Мәжілісте мақұлданған. Келісім Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетовтың мәлімдеуінше, келісім күшіне енгеннен кейін алғашқы қадамдардың бірі ретінде виза рәсімдерін оңайлату жоспарланып отыр.
Әсіресе студенттер, оқытушылар, ресми делегация мүшелері мен бизнес өкілдері үшін талаптар жеңілдеуі мүмкін. Оның айтуынша, Ұлыбритания соңғы жылдары көші-қон саясатын қатаңдатқанымен, Қазақстан бұл мәселені екіжақты келіссөздер барысында тұрақты түрде көтеріп келеді.
Жаңа келісімді ратификациялау тараптар арасындағы диалогты жандандырып, виза режимін жеңілдетуге бағытталған келіссөздерді ілгерілетуге жол ашады.
Айта кетейік, 2025 жылы Ұлыбритания билігі көші-қонды қысқарту жөнінде ресми мәлімдеме жасаған болатын. Ал 2026 жылдың 8 сәуірінен бастап елде виза алу құны да артты.
16 сәуір 2026 ж. 190 0

Уақып - сарқылмас қазына

26 маусым 2026 ж. 97

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930