Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап “сұр“ көліктерге қарсы жаңа шаралар болатыны жарияланды

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап “сұр“ көліктерге қарсы жаңа шаралар болатыны жарияланды

Фото:depositphotos.com
Премьер-министр Олжас Бектенов 10 күн ішінде Қазақстанға автокөліктерді заңсыз әкелуге қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Үкімет басшысының айтуынша, заңсыз әкелінген автокөліктер көбінесе техникалық және экологиялық талаптарға сай келмейді. Ол кеден заңнамасының нормаларын қолданудағы олқылықтарды осының бір себебі ретінде атап өтті.
"Қаржы министрлігі Өнеркәсіп министрлігімен бірлесіп, он күн мерзімде қолданыстағы заңнамалық нормалар негізінде көлік құралдарын заңсыз әкелуге жол бермеу жөніндегі шаралар кешенін әзірлеуі қажет", - деп мәлімдеді Олжас Бектенов үкімет отырысында.
Ол кедендік әкімшілендіру мен техникалық реттеудегі жаңа тәсілдер 2026 жылдың 1 қыркүйегінен бастап енгізілуі тиіс екенін баса айтты.
Сонымен қатар премьер қабылданып жатқан барлық шара бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Мән-жайы

Автокөліктердің "сұр" импортымен күрес тақырыбы Қазақстанда бірнеше жылдан бері талқыланып келеді. Бұған дейін Өнеркәсіп министрлігі жекелеген компаниялар автокөліктерді жаппай әкелу үшін жеке тұлғаларды пайдаланатынын мәлімдеген болатын. Бұл заңды тұлғаларға қойылатын талаптарды айналып өту мақсатында жасалады. Соның салдарынан мемлекет бюджетіне кедендік төлемдер толық түспейді, ал нарыққа заңбұзушылықтармен рәсімделген көліктер шығады.
Шілдеде Мемлекеттік кірістер комитеті де желіде тараған автокөлік әкелу кезіндегі мөлшерлемелердің өскені туралы ақпаратты теріске шығарып, қолданыстағы кедендік баждардың өзгермегенін атап өтті.
Сонымен қатар ведомство жеке пайдалану үшін автокөлік әкелу кезінде шектеу сақталатынын — жылына бір адамға бір көліктен артық емес екенін және ресімдеу кеден заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс екенін еске салды.

21 шілде 2026 ж. 60 0

Ауылдың рухани айнасы

21 шілде 2026 ж. 72

Акцияға атсалысуда

21 шілде 2026 ж. 56

Әйел – ұлттың ұйытқысы

21 шілде 2026 ж. 69

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031