Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аптап ыстықта қуаныш сыйлады

Аптап ыстықта қуаныш сыйлады

Күннің ысуына байланысты ауданда тұрғындарға, әсіресе балаларға қолайлы жағдай жасауға бағытталған ерекше шара ұйымдастырылды.

Қазалы мәдени-демалыс кешенінде аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің өрт сөндірушілері мен сала мамандарының қатысуымен балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлаған ісшара өтті.
Шара барысында бүлдіршіндер үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, түрлі қызықты ойындар мен көңілді бағдарламалар ұсынылды. Балаларға балмұздақтар таратылып, олардың ыстық күндегі уақытын тиімді әрі көңілді өткізуіне жағдай жасалды.
Өрт сөндіру қызметінің мамандары арнайы өрт сөндіру көліктерімен балаларға қауіпсіздік талаптарын түсіндіре отырып, жаңбырлатып су шашты.
Балалардың шат күлкісі мен көтеріңкі көңіл күйіне ұласқан бұл шара тұрғындарға қолайлы жағдай жасаумен қатар, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырудың да маңыздылығын көрсетті.
Мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады. Себебі тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, балаларға қуаныш сыйлау – басты міндеттердің бірі.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі
21 шілде 2026 ж. 249 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30