Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналарға үндеу жасады

Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналарға үндеу жасады

istockphoto.com
Жаз мезгілінде күннің қатты ысуына байланысты жабық автокөлік салонындағы ауа температурасы бірнеше минут ішінде-ақ қауіпті деңгейге дейін көтеріледі. Бұл әсіресе балалардың өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіреді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Осыған байланысты ТЖМ ата-аналар мен жүргізушілерге келесі қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:

- балаларды автокөлікте қараусыз қалдырмаңыз, тіпті қысқа уақытқа болса да;
- көліктен шығарда баланың өзіңізбен бірге түскеніне міндетті түрде көз жеткізіңіз;
- көлік есіктерін әрдайым құлыптап, кілтті балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз;
- аздап ашық тұрған терезе көлік ішіндегі температураны төмендетпейтінін есте сақтаңыз;
- көлікте жалғыз қалған баланы байқасаңыз, дереу 112 қызметіне хабарлаңыз немесе баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қабылдаңыз.

Есіңізде болсын: сырттағы ауа температурасы 30–35°С болған жағдайда көлік салонындағы температура небәрі 10–15 минут ішінде 50–60°С-қа дейін көтерілуі мүмкін. Мұндай жағдайда баланың ағзасы қатты қызып, өміріне қауіп төнеді.

Балалардың қауіпсіздігі – әрбір ересек адамның жауапкершілігі.


20 шілде 2026 ж. 64 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031