Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда Қытайға шығатын теміржол құрылысы 52%-ға аяқталды

Қазақстанда Қытайға шығатын теміржол құрылысы 52%-ға аяқталды

Фото: pexels.com
Көлік министрлігі Қазақстанды Қытаймен үшінші теміржол шекара өткелі арқылы байланыстыратын жаңа Бақты – Аягөз теміржолының құрылысы 52%-ға аяқталып қалғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазір 20 миллион текше метрден астам жер жұмыстары орындалған, бұл жоспарланған құрылыс көлемінің 52%-ы.
Теміржолдың жер төсемін қалыптастыру жұмыстарын осы жылдың қазан айында аяқтау жоспарланып отыр. Қазір нысанда 1 379 маман және 884 техника бірлігі жұмыс істеп жатыр.
"Жаңа теміржол желісі Өзбекстанмен қосымша халықаралық көлік дәлізін қалыптастыруға, жүк ағындарын шамадан тыс жүктелген Сарыағаш – Ташкент бағытынан қайта бөлуге, теміржол желісінің өткізу қабілетін арттыруға және Орталық Азия елдері бағытындағы транзиттік тасымалды кеңейтуге мүмкіндік береді", – деп мәлімдеді министрлік.
Жоспар бойынша, жаңа бағыттың іске қосылуы көлік дәлізінің өткізу қабілетін жылына 25 миллион тонна жүкке дейін арттырады. Бұл халықаралық тасымал көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Бұған дейін Олжас Бектенов Бақты-Аягөз теміржол желісін салу үшін ресурстардың жеткіліксіз жұмылдырылғанын айтан екен. Ол нысандағы жабдықтар мен жұмыс күшінің жеткіліксіздігі жобаны жүзеге асыруға кедергі келтіріп отырғанын атап өтті. Тиісті шаралар қабылдау тапсырылды.
Сонымен қатар әлеуетті ашу үшін мемлекетаралық түйіспе пункттерінің өткізу қабілетін жылына 100 миллион тоннаға дейін кеңейту қажеті атап өтілді. Бұл халықаралық тасымалды күшейтіп, шекарадан өту рәсімдерін жеңілдетеді.

Үкімет басшысы теміржол станцияларындағы жаңғырту жұмыстарының баяу қарқынын сынға алып, барлық құрылыс-монтаж жұмысын биыл аяқтауды тапсырды.
19 шілде 2026 ж. 158 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031