Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жыл соңына дейін теңізге 1,2 миллиард текше метр су құйылады: Арал қалпына келе ме?

Жыл соңына дейін теңізге 1,2 миллиард текше метр су құйылады: Арал қалпына келе ме?

Фото: ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі
Былтырғы қазан айынан бері Сырдария өзені арқылы теңізге 1,4 млрд текше метр су құйылды. Қазіргі уақытта Солтүстік Арал теңізінде 23,5 млрд текше метр су бар, деп хабарлайды Orda.kz 
Қазақстанның Су ресурстары және ирригация министрлігі мәліметінше вегетациялық кезеңде теңізге секундына шамамен 40 текше метр су келіп құйылады.
2030 жылға дейін су көлемін 34 млрд текше метрге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл үшін Қазақстан мен Дүниежүзілік банк бірлескен жобасының екінші кезеңі аясында Көкарал бөгеті қайта жаңғыртылады.
Алайда балықшылардың айтуынша, тек су жіберу жеткіліксіз. Су ресурстары министрі Нұржан Нұржігітовпен кездесуде олар кейбір шаруашылықтар су алу лимитін асырып жіберетінін айтып, су пайдалануды қатаң бақылауды талап етті.
«Ауыл шаруашылығында су пайдалану лимиттері бекітілгенін білеміз, бірақ кейбір фермерлер бұл шектеулерді сақтамайтын жағдайлар бар. Біз Сырдарияның төменгі ағысында орналасқандықтан, өңірдегі балық шаруашылығы үшін шаруалардың суды үнемдеуі аса маңызды», – деді Әділбек Айымбетов, «Арал» сервистік-дайындау орталығы ЖШС директоры. 
Сондай-ақ балықшылар Сырдарияға су жіберу көлемін секундына 100 текше метрге дейін арттыру үшін бөгет салуды ұсынды.
Биыл сәуір айында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өңірлік экологиялық саммиттің пленарлық отырысында Арал теңізі туралы сөз сөйледі. Ол су қауіпсіздігі Қазақстан мен Орталық Азия үшін аса маңызды екеніне тоқталды.
«Арал теңізі – дұрыс жүргізілмеген саясат салдарын еске салатын мысал. Бүгінде Солтүстік Аралдың шамамен 36 пайызы қалпына келтірілді. Бұл су сапасын жақсартуға, балық қорын көбейтуге және халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға мүмкіндік берді», – деді президент.  
Сонымен қатар Каспий теңізін сақтау мәселесіне де тоқталып, бұл су айдынын қорғау экологиялық тепе-теңдік пен өңірдің тұрақты дамуы үшін маңызды екенін атап өтіп. Сондықтан Қазақстан Каспий теңізінің жағдайын жақсарту бойынша мемлекетаралық бағдарлама ұсынғанын жеткізді.
Тоқаев су ресурстары бойынша жаһандық ынтымақтастықты күшейту қажеттігін атап өтіп, «Біз БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құруды ұсынамыз. Бұл бастама қазіргі кезеңде аса өзекті» деді.
Еске салсақ, Тоқаев 20 қаңтарда өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында Аралдың қазіргі жағдайына тоқталып, жағдай жақсарып келе жатқанын айтқан болатын. Бірақ белсенді Жомарт бұл ақпаратпен келіспейді. Оның айтуынша президентке Арал бойынша өтірік есеп беріп  отырғандарды жазалау керек дейді.  
Белсенді Жомарт Қартбайұлының айтуынша, шынайы жағдай мүлде басқаша болуы мүмкін, Orda.kz редакциясы белсендімен тілдесіп, Арал теңізінің қазіргі жағдайы туралы материалды назарларыңызға ұсынамыз. 
Аралды қалпына келтіру – ұзақ мерзімді әрі күрделі процесс. Алдағы жылдары өңірдегі су ресурстарын тиімді басқару, трансшекаралық өзендерді реттеу және климаттық өзгерістерге бейімделу негізгі мәселелердің бірі болмақ.


18 шілде 2026 ж. 43 0

Аула абаттанса айып па?

18 шілде 2026 ж. 40

Азияда атой салды

18 шілде 2026 ж. 39

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031