Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді Қазақстанда жол ережесін бұзған шетелдік жүргізушілер айыппұлдан жалтара алмайды

Енді Қазақстанда жол ережесін бұзған шетелдік жүргізушілер айыппұлдан жалтара алмайды

Водитель, водители, машина, машины, автомобиль, автомобили, руль, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.07.2026 14:33Фото: pexels
Жетісу облысы прокуратурасының бастамасымен Қазақстан Республикасының аумағында жол қозғалысы ережелерін бұзған шетелдік мемлекеттік тіркеудегі автокөліктердің жүргізушілерін әкімшілік жауаптылыққа тартуға мүмкіндік беретін жаңа тетік енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұған дейін мұндай автокөліктердің иелерін анықтап, айыппұл төлеу туралы нұсқама тапсыру едәуір қиындық тудыратын. Соның салдарынан көптеген құқық бұзушылар жауапкершіліктен жалтарып, ел аумағынан шығып кететін.
"Бұл мәселені реттеу үшін облыс прокуратурасы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қажетті ақпарат алмасуды жолға қойып, өзара іс-қимылдың бірыңғай тәртібін енгізді. Енді құқық бұзушылық анықталғаннан кейін көлік құралының иесі анықталып, айыппұл төлеу туралы нұсқама рәсімделеді, ал мемлекеттік шекараны қайта кесіп өткен жағдайда ол құқық бұзушыға табысталады. Төленбеген айыппұл болған жағдайда полиция қызметкерлері оны өндіріп алу шараларын қабылдайды".Жетісу облысы прокуратурасы
Атап өтілгендей, енгізілген тетік нәтижесінде шетелдік мемлекеттік тіркеудегі автокөліктердің 400-ден астам иесі белгіленген жылдамдықты асырғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
"Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 28 млн теңгені құрады. Бүгінгі таңда 33 көлік құралының иесінен 1 млн теңгеден астам айыппұл өндірілді".Жетісу облысы прокуратурасы
Аталған тетікті жетілдіру жұмыстары жалғасуда. Облыс прокуратурасының бастамасымен мемлекеттік ақпараттық жүйелерді интеграциялау жұмыстары жүргізілуде, бұл ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Бұған дейін Қазақстаннан 200 млрд теңгені заңсыз шығарған қылмыстық схема ашылғанын жазғанбыз.
16 шілде 2026 ж. 41 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031