Оқу-ағарту министрлігі биыл қай сыныптың оқушылары үшін оқулық сатып алатыны белгілі болды
Оқу-ағарту министрлігі бірнеше пәнге арналған оқулықтарды жаңартады

Фото: istockphoto.com
Биыл оқу-ағарту министрлігі 3-сынып пен 7-сынып оқушыларына арналған бірнеше оқулық сатып алмақ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Фото: istockphoto.com
Биыл оқу-ағарту министрлігі 3-сынып пен 7-сынып оқушыларына арналған бірнеше оқулық сатып алмақ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«2026 жылдың 30 тамызына дейін 3-сыныптарға арналған «Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Математика», «Дүниетану», «Әдебиеттік оқу», «Музыка» пәндері бойынша, сондай-ақ 7-сыныпқа арналған «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтарын сатып алады», - деп хабарлайды министрлік.
Қазір Оқу-ағарту министрлігі 2026-2027 оқу жылына арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің тізбесін бекіту және білім беру ұйымдарын оқулықтармен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, Жұлдыз Сүлейменова Конституцияға байланысты, күзде кімдер жаңа оқулық алатынын мәлім еткен болатын.











