Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2026-2027 оқу жылына арналған мектеп оқулықтарының жобасы талқылауға шығарылды

2026-2027 оқу жылына арналған мектеп оқулықтарының жобасы талқылауға шығарылды

2026-2027 оқу жылында енгізілетін мектеп оқулықтарының жобалары Білім беру мазмұнын сараптау орталығының https://talqylau.bmso.kz сайтында қоғамдық талқылауға шығарылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқулықтарды талқылау ««Оқу әдебиеттерін қоғамдық талқылау» бөлімінде келесі пәндер бойынша жүргізіледі:
• 4-сыныптарға арналған: «Қазақ тілі», «Орыс тілі» (қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін), «Математика» (қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектептер үшін), «Дүниетану», «Әдебиеттік оқу»
• 7-10-сыныптарға арналған: «Дүниежүзі тарихы», «Алгебра», «Қазақ тілі», «Химия», «Биология», «Физика», «География», «Құқық негіздері», «Шетел тілдері» (ағылшын, неміс, француз тілдері) оқулықтарын қамтиды.
Қоғамдық талқылау онлайн форматта өткізіледі. Бұл өз кезегінде педагогтерді, ғалымдарды, әдіскерлерді және мектеп оқулықтарының сапасына бейжай қарамайтын қазақстандықтардың қатысуына мүмкіндік береді.
Айта кетейік, қолданыстағы заңнамаға сәйкес оқулықтар бес сатылы сараптамадан өтеді: ғылыми-педагогикалық сараптама, пысықтау кезеңі, пилоттық мектептерде апробация, қоғамдық талқылау және пәндік сараптамалық комиссияның қорытындысы.
Қазіргі уақытта аталған оқулықтар қоғамдық талқылаумен қатар, еліміздің бірнеше өңірінде 34 пилоттық мектепте сынақтан өтуде.
Пәндік сараптамалық комиссияның шешімімен барлық кезеңнен өткен оқулықтар мектептерде қолдануға және Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі бекітетін оқулықтар тізбесіне енгізуге ұсынылады.
07 қазан 2025 ж. 206 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 30

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031