Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Келесі жылы елімізде оқушыларға арналған жаңа оқулықтар шығарылмақ

Келесі жылы елімізде оқушыларға арналған жаңа оқулықтар шығарылмақ

Фото: ChatGpt арқылы жасалды
2027 жылы Қазақстанда оқушыларға арналған жаңа оқулықтар шығарылады. Бұл т уралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мұны Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова айтты. Оның мәліметінше, келесі жылы 1 және 5 сыныптарға арналған жаңа оқулықтар шығарылып, 10-11 сыныптарға арналған оқулықтар қайта қаралады.
“2026 жылы 3, 4, 7, 8 және 9 сыныптарға арналған оқулықтар жаңартылады. Ал 2027 жылы 1 және 5 сыныптарға арналған жаңа оқулықтар шығару, карталарды, тарихи және әкімшілік материалдарды толық ауыстыра отырып, 10-11 сыныптардың оқулықтарын өзектендіру жоспарланып отыр”, – деді министрі.
Министрдің сөзінше, 2028 жылы 2 және 6 сыныптарға арналған жаңа оқулықтар шығарылады.
“Дәл осы тәсіл оқушылардың сапалы дайындығын қамтамасыз етуге көмектеседі. Сонымен қатар олардың аналитикалық және ғылыми ойлауын дамытуға, қазіргі экономикада сұранысқа ие құзыреттерді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осылайша, білім беру жүйесі Мемлекет басшысының алға қойған жаһандық ғылыми-технологиялық өзгерістер жағдайында лайықты бәсекелесе алатын технологиялық ұлт қалыптастыру жөніндегі стратегиялық міндетін дәйекті түрде жүзеге асыратын болады”, – деді министр.
Сонымен қатар өндірісте теориялық дайындық пен кәсіби дағдылардың тиімділігін қамтамасыз ететін дуальды оқыту жүйесі күшейтіледі. Онымен қоса техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға ерекше назар аударылмақ.
Министрлік өскелең ұрпақты оқытудың және лайықты тәрбиелеудің барлық сатысында білім беру сапасын арттыру арқылы зияткер ұрпақты қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды.
Тәрбие жұмысы 5-9 сыныптарды қамтитын “Адал Азамат” Бірыңғай бағдарламасын, “Конституция негіздері”, “Заң мен тәртіп” курстарын, экологиялық білім беруді енгізу арқылы күшейтіледі. Бұл азаматтық жауапкершілікті, патриотизмді, әлеуметтік және экологиялық құзыреттерді қалыптастырады.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандық мектептерде төрт пән бойынша оқулық өзгеретіні туралы жазған едік.
18 наурыз 2026 ж. 39 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031