Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Болашаққа бастар жауапкершілік

Болашаққа бастар жауапкершілік

Қоғамның ертеңі бүгінгі ұрпақтың тәрбиесіне тікелей байланысты. Қандай мемлекет болмасын өзінің болашағын білімді, тәрбиелі әрі ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген жас буынмен байланыстырады.
Ал ондай ұрпақ кездейсоқ қалыптаспайды. Оның негізі – отбасы, мектеп және қоғамның бірлескен еңбегі. Осы бағытта елімізде нақты істерімен танылып келе жатқан қоғамдық ұйымдардың бірі – «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі.
Бес жылдың ішінде бұл ұйым мыңдаған отбасыға қолдау көрсетіп, балалардың қауіпсіздігі мен тәрбиесіне, ата-аналардың жауапкершілігін арттыруға және қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған көптеген бастаманы жүзеге асырды. Яки ерен қызметімен ұлт болашағына ауқымды инвестиция салды.

Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі

Қазіргі қоғамдағы ең үлкен сын-қатерлердің бірі – отбасы институтының әлсіреуі. Ажырасу, ата-ананың бала тәрбиесіне уақыт бөле алмауы, әлеуметтік желінің шектен тыс ықпалы, интернетке тәуелділік, буллинг, лудомания, есірткі мен вейп секілді зиянды әдеттердің таралуы барлығы да жас ұрпақтың тағдырына әсер етуде.
Осындай күрделі кезеңде «Сенімен Болашақ» қоғамдық бірлестігі мәселені оңтайлы шешудің нақты жолдарын ұсынып келеді. Ұйым ұйымдастыратын ата-аналарға арналған кездесулер, психологиялық семинарлар, профилактикалық дәрістер, балалардың құқықтарын қорғауға арналған іс-шаралар қоғамда үлкен сұранысқа ие болды.
Бүгінде бала тәрбиесі мектептің немесе ата-ананың ғана міндеті емес. Ол бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі екенін ұйым өзінің әрбір жобасы арқылы дәлелдеп келеді.
Қазіргі уақытта құндылықтарды жаңғырту, ұлттық қауіпсіздік мәселесі деп қабылдауда. Себебі қоғам дамыған сайын технологияның мүмкіндігі артып келеді. Дегенмен цифрлық дәуірмен бірге жаңа қауіптер де пайда болды. Әлеуметтік желідегі жалған идеологиялар, интернет-алаяқтық, агрессия, кибербуллинг, құмар ойындарға тәуелділік жастардың санасына әсер етуде.
Осындай жағдайда ұлттық тәрбие мен адамгершілік құндылықтарды жаңғырту бұрынғыдан да маңызды. «Сенімен Болашақ» қоғамдық бірлестігі дәл осы бағытта ұлттық тәрбиені қазіргі заман талаптарымен ұштастырып жұмыс жүргізуде. Ұйымның басты ерекшелігі – мәселені жазалаумен емес, алдын алумен шешуге ұмтылуы. Мұндай қадам дамыған елдердің тәжірибесінде өзін дәлелдеген тиімді тәсіл саналады.
«Бірлік бар жерде – нәтиже бар» деген ұранды желеу қылған қоғамдық ұйымның табысы, оның жетекшілеріне ғана байланысты емес. Ол – еріктілер, психологтар, педагогтер, заңгерлер, мемлекеттік органдар және қарапайым азаматтардың ортақ еңбегінің жемісі.
Бес жыл ішінде жүзеге асқан көптеген жоба қоғамдағы өзекті мәселелерге бейжай қарамайтын азаматтардың көбейгенін көрсетті. Түрлі өңірде өткізілген кездесулер, форумдар, ата-аналар университеттері, кеңес беру алаңдары халықтың сеніміне ие болды. Игі жұмыстардың басты нәтижесі, адамдардың өз мәселесімен жалғыз емес екенін сезінуі.

Журналистиканың жауапкершілігі

Ақпарат ғасырында журналистің рөлі бұрынғыдан да маңызды. Себебі қоғам қандай ақпарат оқыса, қандай құндылық көрсе, соған қарай қалыптасады. Сондықтан әлеуметтік мәселелерді көтеріп және шешу жолдарын көрсететін журналистикаға сұраныс артып келеді.
«Сенімен Болашақ» жүзеге асырып отырған жобалар дәл осындай оң тәжірибелердің бірі. Мұндай бастамаларды кеңінен насихаттау ұйыммен қатар журналистердің де азаматтық парызы. Әрбір жарияланған мақала, түсірілген бейнеролик немесе телесюжет қоғамдағы бүтін отбасының сақталуына, бір баланың дұрыс жол таңдауына себеп болуы мүмкін.
«Тектілік қанмен ғана емес, тәрбиемен де дариды» дейді. Текті ұлт тәрбиелі ұрпақтан басталады. Ал тәрбиелі ұрпақ жауапты ата-анадан, саналы қоғамнан және ел болашағына алаңдайтын азаматтардан қалыптасады.
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің бес жылдық қызметі осы ұстанымның нақты дәлелі. Ұйым халықпен бірге жүріп, қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге үлес қосып келеді. Оның әрбір жобасының түпкі мақсаты – баланы қорғау, отбасын нығайту және ұлттық құндылықтарды сақтау.
Бүгінгі таңда ең үлкен ерлік қоғамға пайдалы іс жасау. Ал болашақ үшін еңбек ету нағыз тектіліктің белгісі. Сондықтан «Тектілер ту көтереді» деген ұстаным әрбір азаматтың жүрегінде болуы тиіс өмірлік ұран. Себебі елдің ертеңін дәл бүгін жауапкершілік көтере білген азаматтар қалыптастырады.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
23 маусым 2026 ж. 227 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031